Семейде жол бойында билеген жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бұл әрекет үлкен қоғамдық наразылық тудырып, полицияның назарын аударды. Жастар Семей қаласының Полиция басқармасына шақырылып, олармен әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында полицейлер жолдарда түрлі челлендждер өткізу сияқты іс-әрекеттердің қауіптілігіне баса назар аударды. Олар жастарға мұндай әрекеттердің ауыр зардаптарға, соның ішінде апаттар мен жарақаттарға әкелуі мүмкін екенін түсіндірді", – деп жазылған полиция хабарламасында.
Сонымен қатар полиция төрт жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін орындамағаны, сондай-ақ сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.