ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастады

Бұл жаңалықты ҚТЖ мәлімдеді.

Ұлттық компания Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда, – деп жазады Aikyn.kz. 

"Биылғы 23 тамызда Алтынкөл стансасында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі", – деп жазды ұлттық компаниядан.

Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге – Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.