Күрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Қассымбек финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынап жатқан Едіге финалда америкалық Михаел Моккомен белдеседі.
Турнир барысында қазақстандық балуан Үндістан, Жапония және Иран балуандарынан басым түсті.
Айта кетелік, жақында Едіге Қасымбек өз салмағында Азия чемпионы атанған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.