Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров жайлы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Тарихи сабақтастық деген осы болар! Қазақтың аты аңыз болған балуаны, батыры Жақсылық ағамыздың 44 жыл бұрын жеңіп алған алтын медалі және ағамыз осыдан 8 жыл бұрын бата беріп, сіздер тілекші болып Парижде қарсыласты жығып жеңіп, алып келген алтын медаль. Еліміздің еңсесін көтерер сәттер көп болсын, ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз биікте бола берсін!» – деп жазды чемпион.
Сондай-ақ Елдос Сметов Жақсылық Үшкемпіров өзіне бата беріп, арманын айтқанын еске алды.
«Артымнан ізбасарым шыққаным көргім келеді, менің арманым сол деген еді. Батасын беріп, тамақ жеп отырған қасығымен асатты. Менің Олимпиададан алтын алған жолым саған жұғысты болсын деген еді», – дейді Елдос Сметов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.