"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Париж әуежайында Француз арнайы қызметтері ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Француздық LCI жаңалықтар арнасының мәліметінше, ол елге Әзербайжаннан жеке бизнес-джет ұшақпен келген.
Француз БАҚ Дуровтың қамауға алынғанын хабарлады. Жақын арада ол сотқа тартылады және 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, Дуровтың Француз азаматтығы бар.