Ақмола облысында 1999 жылдан бері Көкшетаудағы психоневрологиялық диспансерде жатқан, есінен айырылған ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр, – деп жазады Aikyn.kz.
Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.
"Бұл адам 1999 жылдан бастап Көкшетауда психоневрологиялық диспансерде жатыр. Ол туралы ешқандай дерек жоқ, өзінің де ештеңе есінде жоқ", – деп жазылған хабарламада.
Еріктілер ер адамды білетін туыстарын немесе таныстарын іздейді. Танығандардан мына нөмірлерге хабарласу сұралады: 8 702 531 80 19 немесе 8 775 085 03 15.