Арым тапталды, алдандым деген Әнару Құрманәлі композитор Қалдыбек Құрманәлі мен марқұм ақын Ақмаржан Таубаеваның қызы екені белгілі болды, -– деп жазды Aikyn.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Қалдыбек Құрманәлі "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында өмірінде бірнеше рет ғашық болғанын, өзі сүйген қыздардың бірнешеуінен ұрпақ сүйгенін айтқан болатын.
Сондай-ақ Әнару Құрманәлінің желідегі парақшасында Қалдыбек Құрманәлі мен Ақмаржан Таубаеваның бірге түскен суреттері жарияланған.
Анасы ақын Ақмаржан Таубаева 2016 жылы өмірден өтті. Әнару Құрманәлі жақында берген сұхбатында "анасының өлімі жанына қатты батқанын" айтқан еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.