Абай облысына қарасты Бородулиха ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Үй маңындағы шаруашылық құрылысы мен жеңіл көлікті де қызыл жалын шарпыды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрттің алдын ала ауданы 400 шаршы метр аумақты құрады. Өрт сөндіру кезінде 1990 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды.
Осы ретте ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Өрт шыққан кезде дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар!
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.