Кеше кешке Ақмола облысының құтқарушыларына 23 және 21 жастағы екі ер адам балық аулауға кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге құтқарушылар балық аулау әуесқойларын бүгін таңертең бір-ақ тапты.
– Белгілі болғандай, түнде қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағаннан кейін олар өздігінен орала алмаған. Оған қоса балықшыларда құтқару кеудешелері мен байланыс құралдары болған жоқ, – делінген ТЖМ ақпаратында.
Құтқарылғандар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.