Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында министрдің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Үшарал – Достық ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығының жобасы орналастырылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл жобалар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Жобаны қабылдау еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және төлемді дамытуға мүмкіндік береді.
«Осыған сәйкес, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталатын болады», - делінген хабарламада.
Көлік министрлігі қазақстандықтардан осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуды сұрайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.