WhatsApp желісінде 11-22 наурыз аралығында карантин жарияланғаны туралы ақпарат тарады
WhatsApp желісінде 11-22 наурыз аралығында карантин жарияланғаны туралы ақпарат тарады
© Тұрар Қазанғапов
143
оқылды
Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде 11-22 наурыз аралығында карантин жарияланғаны туралы ақпарат таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша карантинге байланысты 11-22 наурыз аралығы жұмыс күндері болып саналмайды", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің сөзінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Бұл - фейк. Елдегі жұмыс күндерін қамтуды үкімет шешеді", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді.