Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйек айында өтетін Норвегия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншыларының нақты тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, нақты тізімге 28 футболшы енді. Ұлттық құрама 1 қыркүйек күні Алматыда жиналады.
Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйек күні 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтсе, Словенияға қарсы кездесу 9 қыркүйекте Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 23:45-ке жоспарланған.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);
Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талғат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобол»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов («Астана»);
Қосалқы құрам: Сұлтанбек Астанов, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Александр Зуев («Тобыл»), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»);
Бапкерлік штабы: Станислав Черчесов – бас бапкер, Владимир Панников – бас бапкердің көмекшісі, Паулино Гранеро – дене даярлығы бапкері, Гинтарас Стауче – қақпашылар бапкері, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.