Божко азық-түлік 80 пайызға қымбат екенін айтты
Божко азық-түлік 80 пайызға қымбат екенін айтты
Фото: Интернеттен алынды
145
оқылды
Дүкендегі азық-түліктің бағасы көтерме бағадан 30-80 пайызға қымбат, – деп хабарлайды AstanaTV. Сауда және интеграция министрлігінің алқа жиынында азық-түліктің бағасы талқыланды. Депутат Владимир Божконың айтуынша, бұған елдегі тауарға үстемақы қосуда нақты тәртіптің болмауы себеп болған көрінеді. Айтуынша, азық-түлік бағасының шарықтауын өнім өндірушілер мен дүкен иелері өздері қолдан жасап отыр. Сол себепті, депутат ескіріп қалған сауда туралы заңнаманы өзгертуді ұсынды.
Мәжіліс депутаты Владимир Божко: «Мысалы, Германияда көтерме бағаның үстінен 2 пайыз ғана қосуға рұқсат. Ал дүкен иелері өз пайдасын 10 пайыздан асырмайды. Сол секілді Беларусяда 10 пайыз, Украинада 15 пайыз ғана қосуға болады. Ал Қырғызстанда үстемақыны 5 пайыздан асырмайды», – деді.
Депутат, бұдан бөлек, импорт тауарларының да бағасын сынға алды. Шетелден тауар жеткізуші делдардарды қадағалау ақсап тұр. Мәселен, қатерлі ісікке шалдыққандарға арналған препарат Түркиядағы дәріханаларда 6 мың теңгеден сатылса, Қазақстанда 200-300 мыңның шамасында тұратын көрінеді. Депутат қазақстандық нарықтағы тауар мәселесі Мәжілісте талқыланатынына уәде берді.