Ақтөбе облысында он жастағы қыз үйіндегі көлік ішінде өртеніп кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"27 тамызда Хромтау ауданының Дөн ауылында аулада тұрған ВАЗ автокөлігі өртенді. Бұл көрші үйде орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларымен дәлелденді. Автокөліктің ішінде 10 жасар қыз болған, ол қайтыс болды", - деп хабарлады ведомство.
Қайғылы оқиға болған кезде баланың ата-анасы үйде болған.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.