Бұл жолы қаланың мұнайшы, коммуналдық және өзге де мекемелермен бірге қоғам белсенділерінің басын қосқан сенбілік іс-шарасы Жаңаөзен қаласының орталығында орналасқан Тәуелсіздік алаңынан бастау алып, сол жерден әр мекеме өздеріне тиесілі аймақтарды тазартуға тарасты,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сенбілікке мекеме басшыларынан бастап, серіктестіктің барлық қызметкерлері бір кісідей атсалысып, Бұрғышылар аллеясының аймағына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бұрғылау ұжымы қызметкерлері қолдарына күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптарды қолға алып, Бұрғышылар аллеясына тиесілі аймақтың қоқыс-қалдықтарын шығарып, ағаш түптері мен жол жиектерін әктеп, ағаш түптерін қопсытып, тас төсемелерге шыққан шөптерден тазалау жұмыстарын жүргізді.
Бұл күні арнаулы техникалар жұмылдырылып, жиналған қалдықтар мен қоқыстар қала сыртындағы қатты-тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонға тасымалданды.