Асқар Садықов депутаттық мандатынан айырылды

ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Бұл шешімге А.Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды”,  – деп жазды “Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Telegram  каналында.

Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң А.Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.