Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында жұбайы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортшы әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан жұбайына тікелей эфирде алғыс білдірді.
«Осы жетістікке жетуіме әйелімнің қосқан үлесі зор. Әрқашан қолдап, маған сенді. Өте көп көмектесті, алғысымды білдіремін. Әрдайым түсіністікпен қарайды. Мені жігерлендіреді, көп қолдау білдіреді. Керек кезде дөп тигізіп, жадыратып жіберетін кездері бар», – дейді Демеу Жадыраев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.