Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге жеткізді, – деп жазады Aikyn.kz.
"Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Биылғы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды", – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.