Бүгін, 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыстүстімет» шахтасында төрт адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, олар белгісіз заттан уланған.
«ШҚО Глубокое аудандық ауруханасына тағы бір адам жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнында "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС ШҚФ (13 адам және 3 бірлік), ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.