Қызметінен босаған Ермек Маржықпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін», – деп жазды экс-министр.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.