Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Facebook-тегі парақшасында өзінің жұмысын не үшін жарнамаламайтынын айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Жақында Астанадан бір жерлесім хабарласты. "Сен елге барғанда қатты қуандық, біраз шаруа атқарады деп едік, дым бітірмей жатырсың ғой" деді салған жерден. Оның уәжін "жұмысыңның жарнамасы жоқ қой" деп қабылдадым. Жауабым әрқашан біреу: істің түбін көрмей, бетін жылтыратып кетуден аулақпын. Әйтпесе екі жұмыс болады. Көзбояумен "жылдам жеңіске" жетерсің, бірақ тағдыры қысқа, арты шала. Екі жұмыс, есіл уақыт. Қызмет уақытша, ал түбі туған жерде қаламыз. Ел бетіне істеген ісіміз үшін ұялмай қарай алатындай болуымыз керек. Принципім – осы, – дейді Әбілхайыр Тамабек.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.