Жаңа оқу жылынан бастап елімізде студенттердің шәкіртақысы көбейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы 50 пайыз артып, жұмысшы мамандықтарда оқитындар ай сайын 43 574 теңге, орта буын мамандары болса 41 896 теңге шәкіртақы алатын болды.
Ал бакалавриат студенттері 47 135 теңге, педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңге алады. Интернатурада оқитындардың шәкіртақысы 85 376 теңге, ал резидентурадағылардың шәкіртақысы 123 122 теңге болды.
Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайыз көбейді: 107 061 теңге және 240 мың теңге.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.