Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында алған сыйлықтарын не істегенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортшыға Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп қымбат көлік сыйлаған болатын. Елдос бұл көлікті әкесіне сыйлағанын айтты. Ал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйлаған Merсedes көлігін өзі тізгіндеуді жоспарлап отыр.
Олимпиада чемпионы Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Жерлестері оған Haval 6 көлігін мінгізген болатын. Спортшы бұл көлікті бес жасынан бастап тәрбиелеген, спортқа қызығушылығын оятқан бапкері Ахмет Жұмағалиға сыйлағанын айтты.
«Ол кісінің жасы қазір – 74-те", – дейді Елдос Сметов.
Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімдігі демеушілер атынан бес бөлмелі пәтер сыйлаған болатын. Ол өзінде қалады.
Спортшы дзюдо федерациясының президенті берген арыстанның терісін досына сыйлапты. Сондай-ақ ақтөбелік танымал кәсіпкер Елдосқа 100 жылқы атаған еді. Оның бәрін туған ағасына беретінін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.