Қостанайда Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылындағы кәсіпорындардың бірінің трансформаторы жанып, жақын тұрған электр цехының шатыры да өртке оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт одан әрі жайылмай толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.