"Қазгидромет" РМК 5-7 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай байқалады: республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады; 7 қыркүйекте түнде елдің шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіліп, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік байқалады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.