Елордалық құтқарушылар өрт кезінде бір адамды құтқарып, екі адамды эвакуациялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Сарыарқа ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында электр қалқаны жанған. Электр қуатының үзілуіне байланысты лифт үшінші қабат деңгейінде тоқтап, ішінде адам қамалып қалған.
Шақыру орнына барған өрт сөндірушілер лифт есігін ашып, қызды құтқарды. Сондай-ақ екі тұрғынды жоғары қабаттардан эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.