Өнер жолындағы талай қыздың жолын ашқан «Қазақ аруы» байқауы биыл да жалғасатын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы жобаның продюсері Баян Алагөзова өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.
"Кезінде жас Гүлназ Жоланова да кастингке өзіне, арманына деген үлкен сеніммен келген еді. Біз сізді күтеміз!", – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Кастинг 6-8 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтеді.
Байқау талаптары:
Қазақ тілін жетік білу;
16-22 жас аралығында болу;
Бойы 170 см-ден жоғары болу;
Сұлу да сымбатты, ақылды әрі дарынды болу.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.