Қазақстандық балуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Испаниядағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен аяқтап отыр.

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық Ислам Евлоев чемпион атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, грек-рим күресінен 82 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Евлоев финалда әлемдік рейтингте 7-орында тұрған түркиялық балуан Альперен Белберді ұтты. 

Финалдық белдесудегі есеп - 9:3, Евлоевтің жеңісі. 

Турнир барысында Ислам Евлоев Чехия, Германия, Қытай балуандарынан басым түсті. Ал оның жартылай финалдағы қарсыласы белдесуге шыққан жоқ. 

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Испаниядағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен аяқтап отыр. 

Ислам Евлоевтың алтынынан бөлек, Юсуф Ашрапов (67 келі) күміс медаль еншілесе, Айбек Айтбеков (55 келі), Оңдасын Хамитов (60 келі) және Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль жеңіп алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.