Қаржылық мониторинг агенттігі «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА-ға сілтеме жасап.
Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асылтұқымды ІҚМ сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты қолды қылған үш азамат анықталды.
– Құқыққа қайшы әрекеттермен мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін сот үкімімен үш адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді, – делінген агенттіктің хабарламасында.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қаржылық мониторинг агенттігі АӨК саласын дамытуға бөлінетін субсидиялар мен кредиттік қаражаттардың орынды жұмсалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде. Бұл жұмыс адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.