Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде көпшілікке жасауын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл жазбасын бірден қызу талқылап, оны тұрмысқа шығайын деп жатыр деп болжады.
"Бақытты болыңыз! Лайықтысыз", "Тағы да тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?", "Біз бір рет те шықпадық. Мөлдір үшінші рет тұрмыс құрғалы жатыр", "Бақыт тілеймін. Бірақ жария етпей шыға салған дұрыс па еді?!", "Бағың ашылсын!", "Сіз үшін қуаныштымын" деп жазуда желідегілер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.