Атбасар қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерінің кіреберісінде электр қалқаны қысқа тұйықталып, электр сымдары өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында 19 адам оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт 10 минут ішінде толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.