Air Astana коронавирустың алдын алу шараларын күшейтті

Air Astana коронавирустың алдын алу шараларын күшейтті

Air Astana әуе компаниясы жолаушыларға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауына сәйкес борттағы коронавирустық инфекцияның алдын-алу шараларын күшейтілгені туралы хабарлайды. https://www.youtube.com/watch?v=bJXkik27ky4&feature=youtu.be

 Ұшақтарды жерде зарарсыздандыру және ұшуға дайындық

 – Жолаушыларды тіркеу үшін жердегі қызметкерлеріміз маскалар мен қолғапты киеді. – Келу әуежайларында халықаралық рейстерде жүрген барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің температурасы тексеріледі. – Барлық экипаж мүшелері гигиена және COVID-19 белгілері бойынша ұшудан бұрын жаттығудан өтеді. Экипаждарға дезинфекциялық құралдар, қолғаптар мен бет маскалары беріледі. – Әр рейстен кейін ұшақ тазаланады және салон арнайы зарарсыздандырғышпен екі рет өңделеді. Әуежайлық қызмет – Ауру таралу қаупін азайту үшін біздің барлық әуе кемелеріміз жолаушыларға арналған медициналық маскалармен жабдықталған. – Егер жолаушылардың біреуінде күдікті белгілер болса, онда барлық жолаушыларға маска беріледі, ал ұшып келген кезде әуе компаниясы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жұмыскерлері патогенді жою үшін әуе кемесінде зарарсыздандыру, дезинфекциялау және терең тазарту жұмыстарын жүргізеді.

 Ауа сапасы және желдету

 – Air Astana әуе компаниясының барлық ұшақтары микробтардың 99,97% – на дейін ұстайтын (HEPA) сүзгілермен жабдықталған. Әуе кемелерін өндірушінің ережелеріне сәйкес сүзгілер үнемі ауыстылып отырады. – Сонымен бірге, IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) мәліметтері бойынша, ұшақтардағы ауа кеңселер мен сауда орталықтарына қарағанда қауіпсіздеу және жиірек жаңартылады. Әуе компаниясы жолаушылардан ДДСҰ ұсыныстарын ұстануды және қолды үнемі жуып отыруды немесе санитарлық тазартқыш құралдарын қолдануды және басқа адамдарға жақындамауды сұрайды.

Алтынбек Толымбеков, Алматы