1000-ға жуық отбасы баспаналы болды

Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен Атырау облысы Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласы біртіндеп қалыпты өмірге оралып келеді. Жақында ғана 984 отбасы «Халық» қоры арқылы баспаналы болды.

Табиғаттың тосын апатынан зардап шеккен құлсарылықтарға Тимур Құлы­баев өзі жетекшілік ететін «Халық» қайырымды­лық қоры арқылы көмек көрсеткен бола­тын. Атырау облысы әкім­дігінің мәлі­мет­інше, «Халық» қоры ар­­қылы су та­­с­­­­қыны­­нан зар­дап шеккен құлсарылық­тар үшін 30 мил­лиард теңге бөлінді. Бұл қара­жат­тың бар­лығы азамат­тардың шоттарына аудары­лып, жаңа тұрғын үй салуға және үйлерді жөндеуге арналды.

«Жергілікті әкімдік тұрғындардың өтін­іш­терін қабылдап, ең көп шығынға ұшыра­ған адамдардың тізімдерін ұсынды. Ал мүлік­ті бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізді», – дейді Атырау облысы әкімі­нің баспасөз хатшысы Руслан Жұма­ғазиев.

Су тасқынынан зардап шеккендердің қатарында құлсарылық Қадырбек Қос­пақов та бар. Оның үйін 5 сәуір күні тас­қын су бас­­­қан. Жақында ғана Қадырбек ақсақал қос қабатты зәулім үй сатып ал­ып, қоныс­тойын тойлады.

«Тасқын әп-сәтте үйімізді шайып кет­ті. Тіпті, заттарымызды жинауға, киім­деріміз­ді алуға үлгермедік. Абдырап қал­май, құжат­­тары­мызды алып шық­қаны­ма қуанам. Сөй­т­іп, санаулы минут­тар­да бас­пана­мызды тастап кетуге мәж­бүр болдық. Су деңгейі тез көтеріліп, 20 күнде үйіміз жарамсыз болып қалды. Сол себептен, көршілес Маңғыстау облысын­дағы Боранқұл ауылына барып, уақытша пана­ладық. Кейін Жылыой аудан­дық әкімді­гінен көмек берілді», – дейді  Қа­дыр­­­бек Қоспақов.

Қадырбек ақсақалдың айтуынша, ар­найы комиссия мүшелері бұрынғы үйіне зерделеу жүргізген. Бағалау комиссия­сы­ның мамандары оның үйін жарамсыз деп тануға шешім шығарған.

«Арнайы комиссияға құжаттары­мыз­ды тапсырғаннан кейін, өтемақы қаржы­сы бес күн ішінде арнайы есеп­шоты­ма түсті. Өтем­ақыға берілген қар­жы­ның мөлшері көңілім­нен шықты», – дейді Қадырбек Қоспақов.

Ол өтемақы қаржысын алған соң жаңа баспананы Атырау, Ақтау және Ақтөбе қаласынан сатып алу нұсқасын қарастыр­ған.

«Жаңа баспана іздеп, біраз жүріп қал­дық. Өтемақы қаржысына өзге қала­лардан үй сатып алатындай мүмкіндік болды. Бірақ туған жер ыстық болады екен. Басқа қалаға көшіп кете алмадық. Сол себептен, Құл­сары­дан екі қабатты коттедж сатып ал­дық», – деді Қадырбек Қоспақов.

Қазір оның отбасы жаңа баспанаға көш­іп келді. Еске сала кетсек, бұдан бұрын Құл­сары халқына үй сатып алуға, жөндеуге 70 млрд теңге аударылғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазір Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа «Болашақ» деп аталатын ықшамауданы бой көтерді. Ол жерге 100 отбасы қоныстанады деп жос­пар­ланып отыр. Атырау облысы әкім­дігінің баспасөз қызметінің мәлімет­інше, «Бола­шақ» деп аталатын жаңа аудан­ға кезең-кезеңімен 100 отбасы қон­ыс­танады. Тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіру шаралары аясында Құлсарыда қыркүйек айында үйлер беріле бастайды. Мұнда қазір құрылыс жұмыстары жүр­гізі­л­іп жатыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әр үйдің көлемі 100 шаршы метрді құрай­ды. Үйлер 5 бөлмеден тұрады. Қазір 84 үйдің қабырға қалау жұмыстары аяқталып қал­ған, ал 57 үйдің шатыры жабылып жатыр. 35 үй­де сылақ жұмыстары бас­талып, 43 үйге терезе орнатылған. Соны­мен қатар жаңа үйлерге электр, су, кәріз желісі тарт­ылған.

Мұнайлы өңірде су тасқынынан зар­дап шеккен 2 674 объектіге техникалық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 100 жаңа үйдің құрылысы жүруде, 1 376 үй сатып алу туралы шешім қабылданып, 1 372-сі сатып алынды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуге тиіс 1 198 үй­дің 1 191-не жөн­деу жұмыстары аяқтал­ған.

«Бүгінде 6 шақырымға жуық жол қал­ып­­қа келтірілді. Бұған бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінген», – дейді Жылыой аудандық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігіт.

Спикердің айтуынша, жұмыстар екі бригадаға бөлінуде. Тағы бір бөлігі – Ақ­киіз­­тоғай ауылдық округінің кірме жолы. Яғни, аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстар­ын жүргізу үстінде. Сондай-ақ Құлсары қаласын абат­тандыру жұмыстары қар­қынды жүріп жатыр. Балалар ойын алаңы, спорт алаңы және демалыс сая­бағы салынуда. Бұл жұмыс­т­арға 3,5 млрд теңге бөлінген. 

Осылайша, тасқыннан кейінгі Құл­са­ры­­да жаңа өмір басталды.

Баян ЖАНҰЗАҚ,

Атырау облысы