Әнші Бүркіттің анасы, ақын Айша Көпжасарова келіні Аишаға арнап өлең жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Анасының өлең оқып отырған сәтін әнші желіге жариялады.
“Артық қылық көрсетпей, қиылып тұрған келінім.
Жақсы ісіме таңданып, қызығып тұрған келінім.
Артық ауыз сөйлемей, сызылып тұрған келінім.
Қас-қабағын үлкеннің аңғарып тұрған келінім.
Жаңалық көрсе қызығып, таңғалып тұрған келінім.
Атасының батасын сұрамай алған келінім.
Абайлап сөйлеп, әдептен шыға алмай қалған келінім", – деді әншінің анасы.
Айта кетейік, Айша Көпжасарова – ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің анасы мен Аишаға қолдау білдірді.
«Келіні әнші болса да, қызғанбай қолдау білдіріп отырады», «Ене сіздей-ақ болсын!», «Қандай керемет ене?!», «Сыйласып өмір сүретін отбасы екені көрініп тұр», «Аиша, жарайсың», – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.