Павлодарда бүлдіршінді көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, кеше сағат 00.50 шамасында 2020 жылғы туған баланы көлік қағып кеткені жайлы хабар келіп түскен. Балаға мидың шайқалуы, бастың, дененің және аяқ-қолдардың жарақаттануы диагноздары қойылды.
"Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, бөлімде ем қабылдап жатыр", – деп хабарлады аурухана.