Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: бүгін кімдер жарысқа шығады?

Ойындардың алғашқы жарыс күнін жамбы атушылар бастамақ.

Бүгін, 8 қыркүйек күні V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді.

8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

ЖАМБЫ АТУ

09:00 – 09:40 – 1 топ

09:50 – 10:30 – 2 топ

10:40 – 11:20 – 3 топ

11:30 – 12:10 – 4 топ

12:20 – 13:00 – 5 топ

13:10 – 13:50 – 6 топ

14:00 – 14:40 - 7 топ

14:50 – 15:30 - 8 топ

15:40 – 16:20 – 9 топ

16:30 – 17:10 – 10 топ

17:20 – 18:00 – 11 топ

19:00 – 20:00 – Марапаттау рәсімі

Еске сала кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі бүгін, 8 қыркүйек күні Астана уақытымен 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.