Елордалық өрт сөндірушілер 200 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, Сарыарқа ауданында моншаның өртеніп, өрт жақын орналасқан жеке тұрғын үйді шарпыған.
– Өрт жалпы ауданы 200 шаршы метр алаңда толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ведомство хабарламасында.
Бейнекадрларда жанудың жасырын ошақтарын табу үшін төбе жабынын ашу жұмыстары жүргізілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.