Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбайға тағы бір көлік сыйға берілді, әкесі мен бапкеріне ат мінгізді

Спорт саңлағының әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Каменов Долкунжан Турсуновичке де құрмет көрсетіп, ат мінгізді.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Назым Қызайбайға құрмет көрсетіліп,  су жаңа көліктің кілті табысталды, – деп хабарлады Aikyn.kz Райымбек ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Еліміздің даңқын әлемге танытқан жас спортшыға Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауданның атқамінер азаматтарының қолдауымен су жаңа Lixiang L7 автокөлігінің кілті табысталды.

Сондай-ақ спорт саңлағының әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Каменов Долкунжан Турсуновичке де құрмет көрсетіп, ат мінгізді.

Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кетейік, 50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан боксшы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен қола медаль иегері Назым Қызайбайға пәтер берілді.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай ауылына ешкім асфальт төсемегенін айтты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Райымбек Ауданының Әкімдігі (@raiymbek_audany_akimdigi)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.