Қорғаныс министрлігі Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлады Aikyn.kz.
Ведомство мәліметі бойынша, іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынған. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х.Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды.
«Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде. Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды», – делінген министрлік хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.