Елімізде 2024 жылдың алғашқы жартысында тіс емдеу құны 44,3%-ға қымбаттаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметінше, 2023 жылы мемлекеттік бюджетке бұл саладан 33,8 миллиард теңге түскен. Ал биыл бұл көрсеткіш 48,8 миллиард теңгеге жеткен.
12,4 млрд теңге пайдамен бірінші орында Алматы қаласы тұр, ал екінші орында 11,8 млрд теңгемен Астана қаласы, ал үшінші орынға 2,3 млрд теңге пайда тапқан Ақтөбе облысы жайғасты.
– 2024 жылдың тамыз айында тіс емдеу қызметтерінің құны былтырғымен салыстырғанда 12,5%-ға өскен. Нақты айтқанда, тісті анестезиямен жұлу – 17,4%, кариесті емдеу – 15,4%, тіс протездеу 8,7% өскен.
Астанада тіс емдеу қымбат, мұнда стоматологиялық қызмет құны 29,6% қымбаттады. Сонымен қатар Қарағанды (+23,8%) және Қостанай облыстарында (+17,2%) тіс емдеу бағасы айтарлықтай қымбаттағаны байқалады. Тек Батыс Қазақстан облысында баға былтырғы деңгейде қалған, – делінген ақпаратта.