"Қазгидромет" синоптиктері 10-12 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алдағы күндері ел аумағы арқылы өтетін антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынып, жауын-шашын азаяды.
Солтүстікте түнде ауа температурасы төмендегенімен, күндіз күн сәулесі түсіп, күн жылынады.
Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында суық ауа массалары таулармен соқтығысып, жаңбыр жауып, түнде соңы қарға айналуы мүмкін.