Көшпенділер ойындары: Қазақстан алғашқы алтын жүлдесін алды

Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының хабарлауынша, 60 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай қырғыз спортшысын жеңіп, алтын медальға ие болған.

Қазақстан спортшысы Ермек Құралбай аударыспақтан көшпенділер ойынының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының хабарлауынша, 60 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай қырғыз спортшысын жеңіп, алтын медальға ие болған.

«Жарысқа жақсы дайындалып келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз балуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын», – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай.

Айта кетейік, «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді. Ертең, 10 қыркүйек күні  Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.