Қазақстандық танымал спортшылар ЮНЕСКО-ның халықаралық конференциясына қатысты

Қатысушылар жастардың әлеуметтік интеграцияларындағы көшпелі мәдениет дәстүрі мен спорттық рөлін талқылауға ерекше назар аударды.

Олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова мен Серік Сәпиев және жазғы ойындардың күміс жүлдегері Нариман Кұрбанов  ЮНЕСКО-ның «Спорт – жастарды әлеуметтік интеграциялау құралы ретінде: көшпенді мәдениет сабақтары» тақырыбындағы халықаралық конференциясына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтті. Ұйымдастырушылар – Қазақстан Президенттік орталығы, Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО федерацияларының клубы, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен «БҰҰ – әйелдер» құрылымы. 

Конференция мемлекеттік органдардың, ғылымы қауымдастықтың, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өнері үшін пікір және тәжірибе алмасу алаңына айналды. Қатысушылар жастардың әлеуметтік интеграцияларындағы көшпелі мәдениет дәстүрі мен спорттық рөлін талқылауға ерекше назар аударды.

Жиынға бокстан 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев, жеңіл атлетикадан 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова, спорттық гимнастикадан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қатысты. 

«Бүгінде мен спортты қызығушылық қана емес, мотивацияның, өз мүмкіндігін көрсетіп, жүзеге асырудың негізі ретінде санайтын көп жастарды көремін. Олар – біздің болашақ әлеуетеміз әрі оқуда, жұмыста және әлеуметтік өмірде спорт тағылымын қолдану арқылы, өмірдің өзге де аспектілеріне енгізетін де солар. 

Мен спорт арқылы көптеген жастардың өмірі өзгеретініне сенемін. Ең бастысы – өз күшіңе сену. Бізге ең қиын сынақтарды еңсеруге төзімділік пен ауызбіршілік көмектесті. Осы құндылықтардан шабыт ала отырып, біз жаңа ұрпақтың өзін-өзі тануына, сондай-ақ, күшті және біртұтас қоғамның бір бөлігі болуына көмектесетінімізге сенімдімін», – деді Рыпакова.

Нариман Құрбанов болса, жас ұрпаққа өзінің жеңіске апарар жолы, қиындықтарды еңсерген сәттері және тұғыр биігіне жетелеген жігері туралы әңгімеледі. 

«Өткен олимпиадалық маусымда мен көп қате жібердім, сондай-ақ, бірқатар жеңіске жеттім. Олимпиаданың финалына шығу үшін мен көп еңбектендім. Нәтижесінде, медаль иегері атандым. 

Мен үшін еліме пайдамды тигізу маңызды болатын. Психологиялық дайындығыма байланысты мен көп жерден сүріндім, бірақ Олимпиаданың финалына шығу үшін тынымсыз жұмыс істеумен болдым. Мұның бәрі нәтиже үшін, өзім үшін, елім үшін. 

Әрі қарай қалай болғанын бәріңіз көрдіңіздер. Мен Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алдым. Бұл қиындықтарды артта қалдырғаныма мақтанамын. Еңбегім еш кеткен жоқ. Бәрі ақталды», – дейді Нариман Құрбанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.