ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК-нің облыс бойынша департаменті Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Заңсыз айналымнан 630 мың бір реттік үлеске баламалы 125 кг астам «мефедрон», 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буын зертханалық жабдықтар тәркіленді.
– Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады.
Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынды. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тергеу мүддесі үшін қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.