Көшпенділер ойындары аясында өзбек халқының ұлттық спорты кураштан 2 жарыс күні аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қорытындысы бойынша қазақстандық 7 балуан медаль иегері атанды.
Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, кураштан қазақстандық 7 спортшы жартылай финалға жолдама алып, оның 4 ақтық сынға жолдама алды.
Өкінішке қарай, екінші жарыс күні отандық спортшыларға алтын бұйырмады. Осылайша, қазақстандық балуандар 4 күміс, 3 қола жүлде иеленді.
1. Марат Нигматуллаев – қола жүлде (ерлер арасында 60 келі)
2. Ернұр Сүлейменов – күміс жүлде (ерлер арасында 60 келі)
3. Айбек Қазақбаев – күміс жүлде (ерлер арасында 66 келі)
4. Толғанай Абеуова – күміс жүлде (әйелдер арасында 57 келі)
5. Алтынай Нұрханова – қола жүлде (әйелдер арасында 57 келі)
6. Нұрдін Шаймерден – күміс жүлде (ерлер арасында 73 келі)
7. Әділет Ахметғали – қола жүлде (ерлер арасында 73 келі)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.