Павлодар облысында мереке күндері 979 тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 46 адам белгіленбеген жерде темекі тартқаны үшін ұсталса, 23 адам түнгі тыныштықты бұзып “көзге түсті”. 6 дүкеннің иесі алкоголь өнімдерін сату кезінде ҚР заңнамасын бұзған. Баласын қараусыз қыдыртып жіберген 20-ға жуық ата-анаға әкімшілік жауапкершілікке қатысты хаттама толтыруға тура келді. 529 жүргізуші жол ережесін бұзса, олардың 16-сы ішіп ұсталды. Басқа да тәртіп бұзушылар туралы айтсақ: қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргендер – 85; белгіленбеген жерде жолды кесіп өткендер – 78; жолда ұялы телефон пайдаланған жүргізушілер – 42. 8 наурыз күні түнде Екібастұз қаласында жол сақшылары “ВАЗ 21101” автокөлігін тоқтатты. Жүргізушісі ішімдік ішіп жүргізгені үшін көлігі айып тұрағына қойылды. Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.