Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мекеме бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалған құжаттар жасағаны және шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталды.
– ҚК 190-бабы 3-б 1-тармағына сәйкес, осы факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды, – делінген хабарламада.
Залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды.