Қазақша сұраққа орысша жауап берген вице-министр Мәжіліс спикерінен сөз естіді
Қазақша сұраққа орысша жауап берген вице-министр Мәжіліс спикерінен сөз естіді
© сурет интернеттен алынды
138
оқылды
Мәжіліс спикерінен сөз естіген – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек. Ол жалпы отырыста депутат Наринэ Микаелянның қазақ тілінде қойылған сұрағына орысша жауап қайтарды. Мемлекеттік тілге құрмет көрсетпеген шенеуніктің әрекеті Мәжіліс төрағасына жақпай қалды, - деп хабарлады azattyq-ruhy.
«Әрине, бізде аударма бар. Осы залда отырған әрбір азаматқа қай тілде сөйлеймін десе де, бар жағдай жасалған. Бірақ басқа ұлттың азаматы мемлекеттік тілде сұрақ қойып тұрғанда, қазақ тілінде сайрап тұрғанда, сіздің мемлекеттік тілде жауап бермегеніңіз дұрыс емес», - деді Нұрлан Нығматулин.
Мемлекеттік тілде дұрыс сөйлей алмайтын шенеуніктердің тіл білу деңгейі тестінен қалай өтіп кететіні туралы журналистер мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғановадан сұрады.
«Мемлекеттік қызметкерлер «Қазтесттен» өтеді. Бірақ оны мен емес, Қызметкерлерді басқару ұлттық орталығы қабылдайды. Менің өз ойым - қазақ тілін – өз мемлекеттік тілін білу керек. Өйткені, мемлекеттік қызметте істегенде, әкімдікте жүргенде ана тілін білмесе халықпен қалай жұмыс істейді? Бірақ, Конституция бойынша ешкімді тіліне байланысты кемсітуге, жұмысқа қабылдамай қоюға болмайды. Сондықтан қазір бір амалы ретінде мемлекеттік басқару академиясында болашақта қызметке баратындарға қазақ тілі курстарын ұйымдастырып жатырмыз», - деді А. Жайылғанова.
https://www.youtube.com/watch?v=rrC2-V50WLE&feature=emb_logo