ШҚО-да Жеңіс күнінде 134 соғыс ардагеріне 600 мың теңгеден беріледі

ШҚО-да Жеңіс күнінде 134 соғыс ардагеріне 600 мың теңгеден беріледі

Шығыс Қазақстан облысында Жеңіс күнінде 134 соғыс ардагеріне 600 мың теңгеден берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жайлы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиын барысында айтылды. Сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген адамдар 100 мың теңгеден алады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов осыдан бөлек аудан әкімдіктері қосымша көмек көрсететінін мәлім етті. «Бұл - біздің майдан шебіне аттанып, сұрапыл соғысқа қатысқан батырларымыздың алдындағы борышымыз. 9 мамыр - халқымызды біріктіретін мереке. Бір айдың ішінде өскелең ұрпаққа қазақстандықтардың соғыс кезіндегі ерен ерлігі туралы баяндайтын арнайы мектеп бағдарламасын әзірлеу керек. Оны жалпы білім беру бағдарламасына қосымша ретінде енгіземіз», - деді әкім. Жалпы облыс бойынша Жеңіс күніне орай 7-9 мамыр аралығында 200 мың адамның қатысуымен 340-тан астам шара өткізу жоспарланған.