Астанада «Есіл» ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде ұл бала 8-қабаттан құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған деректі қалалық ПД өкілдері растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
«Есіл ауданының Полиция басқармасы сегізінші қабаттан құлап қаза тапқан баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деді ПД өкілдері.